1 трлн теңге тиімсіз жұмсалған - депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 трлн теңге тиімсіз жұмсалған - депутаттар

20.10.2021

Мемлекеттік бюджеттің 1 трлн теңгесі тиімсіз жұмсалған. Мұны есеп комитеті биыл 70 нысанға 12 аудиторлық тексеріс жүргізіп анықтады. Депутаттар бюджет тапшылығының артып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбейіп жатқанын тағы еске салды. Айтуынша, биыл жарты жылда Ұлттық қорда шығынның көлемі түсімнен асқан. Үш жылдық бюджетте қордан ақша алуды азайту көзделгенімен, бюджеттің жыл сайынғы нақтылануы кезінде бұл сома екі есеге дейін қайта ұлғаятынын жеткізді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу