«AZALA Cotton» фабрикасының 350 жұмысшысы екі айдан бері жалақы алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AZALA Cotton» фабрикасының 350 жұмысшысы екі айдан бері жалақы алмаған

20.10.2021

Оңтүстікте мақта талшығын өңдеп, одан дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын «AZALA Cotton» фабрикасының өндірісі тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұр. Кәсіпорынның 350 жұмысшысы екі айдан бері жалақы алмаған. Олар енді әрі қарай не істерін білмей дал. Өзге жұмысқа ауысайын десе, 2 ай еңбектеніп тапқан табысын бермей қоя ма деп қорқады. Ал фабрикада әрі қарай ақысыз жұмыс істегілері келмейді. Өндірістің тежелуіне салық органының фабрика есепшотын бұғаттап тастауы себеп. Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік нысанын Үкіметтен берілген субсидия қаржының 20 пайызын салық ретінде төлеуге мәжбүрлеп келеді. Бірақ фабрика басшылығы мұнымен келіспейді.

Бекет Тұрсынханов, фабрика директоры:
Олар корпоративті салық төлеуіміз керек деп есептейді. 

Ал салық органы фабрика тауарларын шетелге экспорттайтынын және одан валютамен табыс тауып отырғанын негізге алып, субсидия қаржыдан салық төлемі алынуы керек деп есептейді.

Әсия Жетібаева, Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі:
Мемлекеттік кірістер департаменті заңды хабарлама шығарды. Салық төлеуші 30 жұмыс күні ішінде келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіруге құқылы. Егер келіспесе жоғары жаққа шағымдануға болады.

Тоқыма фабрикасында өндіріс тоқтаса, жұмыс қарқынын қайта қалпына келтіру үшін кемі 20-25 күн уақыт қажет. Сондықтан кәсіпорын басшылары мәселе бір жақты шешілгенше есеп шоттары қайта ашылса дейді. Осыны айтып қаржы министрлігі мен үкіметке хат жолдады. Әзірге жауап алған жоқ.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу