Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында алапат су тасқынынан 34 адам қаза тапты. Сонымен қатар, талай мал қырылған. Аймақтың бас министрі топан жайлаған өңірдің үстінен тікұшақпен өтіп, қиын ахуалмен танысты. Оның сөзінше, зардап шеккен отбасыларға мемлекет тарапынан көмек беріледі. Су апатына бірнеше күн бойы жауған жаңбыр себепші. Тасқыннан елдің теріскейі мен оңтүстігінде мыңдаған гектар егістік алқабына да зиян тиген.
Арыстан Рысбек