Атырау облысында 12 жүкті әйел вирусқа шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 12 жүкті әйел вирусқа шалдықты

20.10.2021

Атырау облысында індет қайта күш алып жатыр. Вирус құрығына іліккендер арасында 12 жүкті әйел мен 100-ге жуық бала бар. Қазір олардың басым бөлігі жергілікті мекен-жайы бойынша амбулаториялық ем қабылдауда. Медициналық мекемелер жанынан ашылған стационарларда 212 пациент жатыр. 15-інің жағдайы ауыр. Өңірде вакцинаға сұраныс артқан. Бүгінге дейін 240 мыңға жуық тұрғын індетке қарсы дәрілік препараттың 1 компонентін алды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу