Доллар бағамы нығайып, алтын арзандап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар бағамы нығайып, алтын арзандап жатыр

19.10.2021

Биткоин қымбаттап, доллардың нығаюы алтынның арзандауына әсер етіп жатыр. Бағалы металл екінші сессия қатарынан төмендеп, 1,16%-ға түсті. Унциясы 1770 доллар.

Сарапшылардың пікірінше, алтынның бағасы алдағы уақытта тағы құбылып, 1757 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Ал Қазақстанда 1 грамм алтын 24 174 теңге тұрады. Унциясы 751 мың теңгеден асады.


доллар алтын

Хабарламаларға жазылу