Қазақстанда ағаш материалдарының кейбір түрін экспорттауға тыйым салынбақ. Бұл туралы ведомства аралық комиссия отырысында белгілі болды.
Негізгі мақсат - Ресейден әкелінген ағаш түрлерін рұқсатсыз қайта экспорттауға жол бермеу. Сондай-ақ отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтып, материалдардың кей түрін сыртқа шығаруға алты айға дейін тыйым салу.
Алайда мораторий аяқталғанға дейін аталған мерзім өздігінен ұзартылып отырады деді Премьер-министрдің орынбасары.