Елімізде ұлттық жобаларға қатысты мониторинг қолға алынды. Оған әрбір сарапшы қатыса алады. Бұл жайында ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу кеңсесінің жетекшісі Арман Евнеев мәлімдеді.
Жақында құрылған офиске мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылған. Бұл жобалық менеджменттің тың тәсілі - барлық мүдделі тараптарды тартуды көздейді. Сондықтан жобалау қызметі ақпараттық жүйеде жүргізіледі.
Бұл мұндағы әрбір міндеттің орындалуын бақылауды ғана емес, әрбір жоба бойынша ақша қаражатының жұмсалуына жедел мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан қазақстандықтар ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуы тиіс.
Арман Евнеев, Ұлттық жобаларды жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу кеңсесінің жетекшісі:
Жобалық менеджменттің ең үлкен айырмашылығы - нәтижеге жеткізу. Сондықтан біздің офис құрылғалы бері қажетті нормативтік құқықтық база жасалды. Ең алдымен осы жылдың басында заңға өзерістер енгізілді. Үкімет тарпынан арнайы үкімет қаулысы бекітілді.