Ауған-тәжік шекарасы маңында ауқымды әскери жаттығу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған-тәжік шекарасы маңында ауқымды әскери жаттығу басталды

19.10.2021

Тәжік-ауған шекарасы маңында ауқымды әскери жаттығу басталды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының маневрларына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресейдің қарулы күштері қатысып жатыр.

Кей мәліметтерге қарағанда, тәліптер де, Тәжікстан да шекара маңына қарулы күштерін шоғырландырған, аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр. Айта кетсек, «Талибан» билігімен солтүстіктегі көршілер іскерлік байланыс орнатқан. Ал, тәжік үкіметі бұл үкіметті мойындамай отыр.

 Сарапшылардың ойынша, Мәскеу Орталық Азия елдеріне радикал-содырлардың енуінен қауіптенеді. Сондықтан осы жаттығуларды өткізуге бастамашы болып отыр.


Хабарламаларға жазылу