«QazVac» вакцинасы жаңғыртылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QazVac» вакцинасы жаңғыртылуда

19.10.2021

Дельта штамынан қорғану үшін  «QazVac»  вакцинасы жаңғыртылды. Бірақ препараттың жасалу технологиясы бастапқы қалпын сақтайды. Яғни инактивтендірілген. Ал басқа вакциналардан артықшылығы – жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі.

Себебі онда тірі вирус жоқ. Әрі иммуногенді. Ешқандай бөлшектер немесе түйіршіктерден құралмаған. Бұл вирусқа қарсы тұтас иммунитет қалыптастырады, дейді ғалымдар.

Құрылымын сақтай отырып, тек штамм ауыстырылады. Жаңа қоспа зертханалық жануарларға клиникаға дейінгі сынақтан өтіп, оң нәтиже көрсеткен. Қазір тиісті құжаттар дайындалып жатыр.

Нурика Асанжанова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты зертханасының жетекшісі:

Басқа вакциналар мүлдем басқа технологияда шығарылады және қолданылуы әртүрлі. Біз әзірге осы ізденістің тиімділігіне қатысты ештеңе айта алмаймыз. Мүмкін вакциналау тәртібі мүлдем өзгеше болар. Мұның бәрі зертханалық жануарларға жүргізілген жұмыстардың қорытындысына байланысты.


Хабарламаларға жазылу