Қостанайда тарихи орынды ауыр техникамен қазып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тарихи орынды ауыр техникамен қазып тастады

19.10.2021

Қостанай облысында белгісіз біреулер мемлекет қорғауындағы тарихи нысанның аумағын ауыр техникамен қазып тастаған. Рудный қаласының жанындағы «Алексеев тұрағы» - біздің эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдардағы қоныс орны. Қола дәуіріне жатады.

Оқиға орнында болған қоғам белсендісі Максим Фроловтың айтуынша, жұмысшылар оның ескертуіне құлақ аспай, тіпті өзіне қоқан-лоқы көрсеткен. Қазу жұмыстарын белсендінің шақыруымен жеткен полиция қызметкерлері келген соң ғана тоқтатыпты. Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша, қазір осы оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.

Максим Фролов, қоғам белсендісі:

Жергілікті атқарушы билік өкілдері де келіп жағдайды көріп кетті. Жер қазған жұмысшылардың бәрі істің мән-жайын анықтау үшін Рудный қалалық Ішкі істер бөліміне жеткізілді. Өз басым, бұл оқиға бойынша вандализм бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер анықталып, жазаға тартылуы тиіс деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу