Латвияда соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 49 пайызға артқан. Ал вакциналау деңгейі күрт төмендеді. Осыған орай елде 1 айға қатаң локдаун жарияланды.
Мұндай шешімді Латвияның Елді дағдарыс кезінде басқару кеңесі қабылдап отыр. Коменданттық сағат енгізіліп, ел аумағында қазанның 21-і мен қарашаның 15-і аралығында қоғамдық шараларды өткізуге тыйым салынған. Ал мектептер қашықтан білім беруге көшті.