Қырыққабат пен жұмыртқа бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырыққабат пен жұмыртқа бағасы өсті

18.10.2021

Азық-түлік бағасы да көтеріліп жатыр. Әсіресе қырыққабат бір аптада 4,5, жұмыртқа құны 1,6 пайызға өскен. Өңірлер бойынша айтсақ, қымбатшылық Алматыны жайлап тұр.

Атырауда да жұмыртқа бағасы 27 процентке көтерілді. Тіпті елімізде оның данасы 70 теңгеге дейін жетуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Өйткені келер жылдан бастап әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия алынып тасталуы мүмкін. Азық-түлік бағасының бұлай тоқсаусыз өсуі инфляцияға да кері әсерін тигізді. Өткен айда ол 8,9 пайызға жеткен еді. Сондықтан әкімдіктерге әлеуметтік тауарлардың бағасын реттеу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу