Ұлттық санақтан халықтың 40 пайызы онлайн өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық санақтан халықтың 40 пайызы онлайн өтті

18.10.2021

Ұлттық санақтан халықтың 40 пайызы онлайн өтті. Бұл 7 млн 530 мыңдай адам. Ал, 3 млн 800 мыңға жуық тұрғыннан сауалнама алынды. Осылайша санақтан өткендер үлесі 60 пайызға жетті,-деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов. Ескеретін жәйт, әлі тіркелмегендер қазанның аяғына дейін үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегіне жүгіне алады. Қызметкерлер халық санағының логотипі бедерленген көк түсті шарф және сөмкемен жүреді. Планшеті мен растайтын куәлігі болуы тиіс. Кез келген ақпарат бойынша 1446 нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы: 
Онлайн санақтан өтпегендер қазанның 30-ына дейін үйлерді аралап жүрген интервьюерлердің көмегімен шараға қатыса алады. Халық санағы еліміз үшін аса маңызды шара. Оған бір кісідей жұмылып ат салысуымыз қажет.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу