Жерорта теңізінде 80 мигрант құтқарылды. Олардың арасында әйелдер мен кішкентай балалар бар. Ливия жағалау қызметінің мәліметінше, мигранттар елге Мали, Гамбия, Судан, Нигерия сынды африкалық мемлекеттерден барған. Рейтер агенттігінің дерегіне сай, Ливияда қазір 600 мыңдай шетелдік босқын бар. Олар жылдарға созылған қақтығыс мен хаос жайлаған мұнайға бай елде жұмыс табуды көздейді. Сонымен бірге, мигранттардың кейбіреуі осы теңіз жол арқылы Еуропаға жетуді армандайды.
Арай Төлегенқызы