Ержан Байтанаев: Балалар екпе алмаса, ешқандай қысым жасалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Байтанаев: Балалар екпе алмаса, ешқандай қысым жасалмайды

18.10.2021

Елімізде көп ұзамай оқушыларға америкалық Pfizer вакцинасы салына бастайды. Ал, оны қабылдамағаны үшін ешқандай қысым жасалмайды. Бұл туралы пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, қазір америкалық екпені Қазақстанға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Вакцина жеткізілген соң 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге кезең-кезеңмен салына бастайды. Ата-анасы қарсы болса, балаға екпе салынбайды. Мамандар жалпы оқушыларға екпе салудан қашпауға шақырады.
Ержан Байтанаев, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі: 
Америка құрама штаттары балаларға салып жатқанына бірнеше айдан асты. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасында 5 жастан бастап вакцина салу жұмыстары бүгінгі күні жүргізіліп жатыр. Ресей федерациясы қазір балаларға клиникалық зерттеулер жүргізіп жатыр. Балаларды вакцина алмағаны үшін мектепке кіргізбеу, басқа да қысымшылықтар болмайды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу