Бейнежазбадағы жағдай Уәлиханов ауданының Мортық ауылында түсірілген. Тұрғындардың айтуынша, дәл осындай ауру 3 жыл бұрын тіркеліпті. Алайда мал дәрігерлері сараптама жасамаған. Елдімекенде соңғы 3 айда 20 бұзау шығын болды. Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері сараптама нәтижесі әзірге белгісіз екенін жеткізді.
Бұйдамхан Әдбікерім, ауыл тұрғыны:
Ауру белгілері – ісінеді, іскені сондай, кейбіреуі жарылады. Ол қарасан ауруы деп саналады. Бұл қарасан ауруы екенін ветеринарлар айтып жатыр. Көктемде берілетін вакцина егілген жоқ. Сондықтан мына ауру шығып отыр.