Көрнекті ғалым Сайым Балмұхановқа мемориалдық тақта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрнекті ғалым Сайым Балмұхановқа мемориалдық тақта ашылды

18.10.2021

Бүгін Алматыда отандық онкологиялық қызметтің дамуына зор үлес қосқан профессор, Қазақстандағы клиникалық Радиобиологияның негізін қалаушылардың бірі Сайым Балмұхановтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Сайым Балмұханов - отандық медицинаға үлкен жаңалық әкелген көрнекті ғалым. Атақты академиктің басшылығымен онкологиялық науқастарды сәулемен емдеуге арналған алғашқы клиникалық база құрылған. "Бүгінгі игі шараның мақсаты - қазақ медицинасының ғылыми бағытын дамытқан дарынды дәрігердің ерен еңбегін ұмытпай, есімін жаңғырту",- дейді жиналғандар.

Жеткерген Арзықұлов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:

Еліме қызмет еткім келеді, мен осы елімнің туын көтергім келеді деп еңбек етті. Ғалым ретінде биіктік, міне, соған жететіндер көп емес. Соның бірі - осы біздің Сайм ағамыз. Ғылымның  шешілмеген сұрағы - халықтың денсаулығын жақсарту.  Өткен ғасырда көп сұрақ  түсініксіз болды. Оған жүрек керек. Оған ақыл керек.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу