Дизель отынына сұраныс 140 мың тоннаға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизель отынына сұраныс 140 мың тоннаға артқан

18.10.2021

Елімізде ай сайынғы дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 140 мың тоннаға артқан. Сондықтан Ресейден қосымша дизель отынын сатып алуға келісім жасалды. Бұл туралы Атырауға барып, мұнай-газ кешені қызметкерлерімен кездескен Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Министр Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын жыл басынан бері 935 738 тонна бензин, 1 млн 200 мың тоннаға жуық дизель отынын өнідірген. «Дизельдің тапшылғына басты себептің бірі - отын құны көрші елдерге қарағанда төмен», - деді министр.

Халықаралық дәлізге еліміз арқылы өтетін көліктердің әрқайсысы  айына, шамамен, 4 мың тонна дизель отынын әкетер екен. Салдарынан 2019-20 жылдармен салыстырғанда биылғы бір айдың өзінде 100-140 мың тонна дизель отыны артық сатылған.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Біз қазан айында 100 мың тонна импорт туралы келісімге қол жеткіздік. Әрине баға өседі, өсті оны өзіміз көріп отырмыз. Дегенмен баға реттелмейді. Бізде нарықтық баға. Елімздегі осы жанармайдың жағдайы тұрақталып келе жатыр.


Хабарламаларға жазылу