Қазақстан делегациясы Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды. Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілік өкілдері Абдул Ғани Барадар және Амир Хан Мутаккимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланысты қалпына келтіру мәселесін талқылады.
Айта кетейік, еліміз Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн тасымалдаған. Сонымен бірге Қазақстан делегациясы ауған тарапына отандық QazVac вакцинасын беру туралы ұсыныс білдірді. Ал Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.