Сирия үкіметі мен оппозициясы жаңа конституция жобасын жасауға кірісуге уағдаласқан. Мұны Женевада өткен конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен мәлімдеді. Оның сөзінше, Араб Республикасының негізгі заңын қайта жазуға үкіметтің, оның қарсыластарының және азаматтық қоғамның 45 өкілі тартылады.
Айта кетсек, Сирияда азаматтық соғыс он жыл бұрын басталып, одан 500 мыңға жуық адам қаза тауып, 5 жарым миллионнан астамы үйлерін тастап кетті. Сонымен қатар Педерсенның есебінше, қазір Сирияда 13 миллиондай адам гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр.