Әлемде мұнай бағасы 86 долларға жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы 86 долларға жақындады

18.10.2021

Әлемде бүгін мұнай бағасы тағы қымбаттап, оның Brent маркасының баррелі 85 доллар 73 центке сатылып жатыр. Бұған газ бен дизельдік отын нарқының қатты өсуі себеп болған.

Айта кетсек, қазір энергия өндіретін станциялар бензинге көшіп жатыр. Сонымен қатар мұнайдың қымбаттауына пандемиядан ғалам экономикасының ес жиып, сұраныстың күрт артуы да әсер еткен. 


Айта кетсек, дүниежүзінде карантиндік шектеулер жеңілдетіліп немесе мүлде алынып тасталып, ұшақтар мен көлік қатынастары жиілеп отыр. Бұл да көмірсутегі бағасының өсуіне айтарлықтай әсер еткен.


Хабарламаларға жазылу