«Кальмар ойыны». Қазір корейлік толқынның гүлденіп тұрған уақыты - Мәдениеттанушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кальмар ойыны». Қазір корейлік толқынның гүлденіп тұрған уақыты - Мәдениеттанушы

17.10.2021

Кальмар – теңіз моллюскі. «Кальмар ойыны» - Netflix платформасында 17 қыркүйекте шыққаннан бері 111 миллионнан астам қаралым жинаған оңтүстік кореялық сериал.

Осылайша, бұл сериалды балаларға көрсетпеу керек, әсері жаман деген пікірлер айтылып жатыр. Ұлыбритания мен Испанияда балаларыңызға көрсетпеңіздер деп ата-аналарға кеңес берілген. Ал біз материалды Оңтүстік Кореяның «жұмсақ күші» туралы жасадық.

Ботагөз есімді жасөспірім «Кәріс поп-музыкасы менің жан дүниемді өзгертті» дейді. Және Ботагөз сияқты корей поп музыкасының фанатына айналғандар аз емес. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Сәния Баженеева 2010 жылдан бастап корея феномені бүкіл әлемді жаулап ала бастады деп отыр. Корейтанушы Дастан Ақаш Кореяның ішкі нарығында мәдени өнімдер былтыр 105 млрд долларға сатылса, экспортқа шыққан мәдени контент 12 млрд долларды құрады деген ақпар берді.

Интеллектуалдық өнім барлық дерлік елде бар. Дүние жүзіне таратуға да бейіл. Бірақ Кореяның «жұмсақ күшінің» шегесі мықты. Мысалы, биыл ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне 26 корей сөзі еніпті. Данияр Қайыртай талдайды.



Хабарламаларға жазылу