Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды

15.10.2021

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үшінші Еуразиялық әйелдер форумы өтіп жатыр. Оған мың жарымға жуық адам қатысты. Арасында парламентарийлер, билік пен халықаралық ұйым өкілдері, іскер әйелдер бар. Халықаралық алаңда Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды. Елімізде әйелдер қауымы әр салада қызмет етіп жүр. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 40 пайызы іскер әйелдер есебінен құралады. Шешім қабылдау жағынан да нәзік жандылардың үлесі біршама артқан. Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 60 пайызы – әйелдер.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

«Биылғы сайлауда Мәслихат, Мәжілістегі әйелдердің саны 31-32 пайызға дейін барды. Орта бизнесте 50 пайыздан асады әйелдер. Қазақстандағы әрбір үш жұмыс орнының біреуі әйелдерге беріледі. Олар отбасына қамқорлық жасап отырғандықтан, жалпы әйелдердің экономикаға қосып отырған үлесін үлкен деп айтуға болады.»


Хабарламаларға жазылу