Кабулдегі жетімдер үйінің жағдайы нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулдегі жетімдер үйінің жағдайы нашарлады

15.10.2021

Талибан билікке келгелі экономикалық дағдарыс ушыға түскен Ауғанстанда жетімдер үйінің жағдайы нашарлады.

Елдегі аталған мекемелерде қаражат жетіспей, оның зардабын жеткіншектер тартып жатыр. Мәселен, Кабулдегі жетімдер үйінде тәрбиеленушілерге жеміс-жидек, ет беру тоқтатылды. Ал, Ауғанстанның бұрынғы үкіметі тұсында белсенді болған қайырымдылық ұйымдары көмегін үзген. Айта кету керек, 40 жылдан астам уақыт бойы соғыстан көз ашпай, ондаған мың бейбіт тұрғын қаза тапқан елде жетімдер үйінің маңызы зор.

Дегенмен, жағдай оңалуы үшін алдымен Ауғанстанды экономикалық дағдарыстан шығару маңызды. Бұл үшін тәліптер үкіметі Батыс елдерінің көмегіне жүгініп, АҚШ-та бұғаттаулы 9 млрд доллардың Ауғанстанға қайтарылуын талап етіп отыр. Ал, халықаралық қауымдастықтың талабына сай, Талибан үкіметі алдымен ауған халқының негізгі азаматтық бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу