Испанияның жағалау күзеті Гран-Канария аралында ағаш қайыққа мінген 200-ге жуық африкалық мигрантты құтқарды. Испания бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы он жылда теңізде осыншама көп шетелдік босқындар бірінші мәрте тіркеліп отыр.Тағы бір мәліметке қарасақ, Испанияға былтырмен салыстырғанда теңіз арқылы жеткен мигранттардың саны екі есе көбейген. Олардың басым көбі - өз елдеріндегі тұрақсыздық, аштық, қарулы қақтығыстардан шаршаған африкалық мигранттар.