Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасында тұрған ескі оқ-дәрілерді жою жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес инженерлік-саперлік бөлімшелер Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер фрагменттерін бақылай отырып жарады. Ол үшін арнайы учаске бөлінген. Сынақ алаңы елді мекендер мен әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықта. Қазір жақын маңдағы ауыл азаматтарын құлақтандыру жұмыстары жүруде. Жару жұмыстары кезінде дыбыстық дүмпулер болуы мүмкін, алайда, тұрғындарға алаңдамаса да болады дейді- мамандар.
Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері:Жұмыс дүйсенбі мен жұма аралығында ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін жүргізіледі. Ол үшін адамдар жоқ таулы жерлерде елді мекендерден қашықтықта учаске белгіленді. жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ.