Депутаттар самокаттарды заң бойынша көлік қатарына қосуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар самокаттарды заң бойынша көлік қатарына қосуды ұсынды

14.10.2021

Электросамокаттар көлік құралы ретінде тіркелмейді, әрі техниканың қандай санатына жататыны әлі бекітілмеген. Осылай деген Сенатор Нұртөре Жүсіп аталған қозғалыс құралына қатысты заң қабылдап, саланы реттеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Сегіз айда самокаттардың қатысуымен 387 жол апаты тіркелген. Одан 25 адам қаза тауып, 411 азамат жарақат алған.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өркениетті елдерде жолы бар. Басына шлеф киюі керек. Жаңағы бұрылатын дабылдатқыш, қараңғыда көрінетін құрылғылары да болуы керек. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу