Жамбыл Жабаевқа арналған 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевқа арналған 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді

14.10.2021

Елордада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді. Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, депутаттар мен зиялық қауым өкілдері қатысты. Іргелі еңбекте Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен айтыстары, жырлары түгел топтастырылған. Сондай-ақ, өмірі мен шығармашылығы туралы көрнекті ақын-жазушылардың естеліктері мен ғалымдардың ғылыми зерттеулері де енген. Мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген жинақ 30 мың данамен басылып шықты. 10 томдық республиканың барлық аймақтарындағы мемлекеттік кітапханаларға таратылып, оқырманға қолжетімді болады. Жинақ құрастырушысы Нағашбек Қапалбекұлы алдағы уақытта ұлы жырауға арналған 30 томдық та жарық көреді, дейді. Жиналған қауым Жамбыл Жабаевтың шығармаларын ұлттың игілігне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу біз үшін ұлағатты парыз деп тарқасты.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Жыр алыбы Жамбылдың бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер, Жамбыл библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде жарыққа шықты. Тұсаукесер құтты болсын.

Нағашбек Қапалбекұлы, Жинақтың құрастырушысы, ҚР мәдениет қайраткері:

Мәдениет және спорт министрлігі 10 томдықты құрастыруды маған тапсырды. ірі еңбек бұрын соңды жарық көрген жоқ. Өйткені мұнда біз жамбылдың бүкіл шығармалары негізінде іріктеп-сұрыптап , лайықтап жарияладық.


Хабарламаларға жазылу