«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі құрылды

14.10.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектеп құрып, жастардың біліктілігін арттыруға кірісіп кетті. Мұнда еліміздегі ЖОО-ның журналистика, кино өнері және телевизия факультеттерінің III, IV курс студенттері шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз білім алады. Болашақ мамандар 4 республикалық, 14 аймақтық телеарна мен 4 радионы біріктірген ең ірі медиақұрылым қызметкерлерінен дәріс алып, кәсіби маман ретінде қалыптасудың қыр-сырын үйренеді. 6 айға жалғасатын медиамектептің алғашқы курсы Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа» орталығында оффлайн форматта жүргізіледі. Өтінімдер 1 қарашаға дейін qazaqstan.tv ресми сайты немесе mediamektep@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпаратты : +7 (717) 2 75 71 60 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы:

Біздің мақсатымыз осы салада қызмет ететін жас әріптестерімізге бағыт-бағдар беру, қолдау. Бұл еңбек жолын Қазақстан корпорациясында бастағысы келетін жастардың тәжірибе алаңы болмақ. себебі алты ай ішінде жақсы тәжірибе жинақтаған таңдаулы студенттеді біз корпорация ішінен бақтарын сынауға мүмкіндік береміз.


Хабарламаларға жазылу