Таразда қоғамдық келісімді нығайту тақырыбында халықаралық жиын өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қоғамдық келісімді нығайту тақырыбында халықаралық жиын өтіп жатыр

14.10.2021

Тараз қаласында қоғамдық келісімді нығайту тақырыбында халықаралық жиын өтіп жатыр. Конференцияда көпэтності елдімекендерде әлеуметтік проблемаларды шешу жолдары кеңінен талқылануда. Қазір бізбен аймақтағы әріптесім Данияр Асқарұлы скайп арқылы тікелей эфирге шығады. 

 Данияр Асқарұлы, тілші:

Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың ұйысып, қоғаммен біте қайнаса күн кешуі қуантады. Достықты ту еткен қазақстандық үлгі мен тәжірибеге әлем елдері қызығады. Осылай деген шетелдік әлеуметтанушылар отандық сарапшыларымен ой алмасуда. Қазір біздің жанымызда...

Парида Мамедова, "Қоғамдық келісім" мекемесінің директоры:

Халықаралық жиын 8 секция бойынша өтуде. Жаңа геосаяси жағдайларда этносаралық келісімді қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелер тақылануда. Басты міндет қоғамдық тұрақтылықты арттыру болып отыр. Әріптес бізде әзірге осы.


Хабарламаларға жазылу