Түркістанда 21 жасар жігіт тоққа түсіп, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 21 жасар жігіт тоққа түсіп, мерт болды

14.10.2021

Түркістан облысында 21 жастағы жігіт токқа түсіп, мерт болды. Жоғарғы Қасқасу ауылының тұрғыны Азамат Тоғызалы алма термек болып, темір сатыны әкеле жатқанда онысы бау-бақша арқылы өтетін электр сымына тиіп кеткен. Студент сол жерде тіл тартпай кетті. Ауылдағы көп үйлердің ауласынан жоғары кернеулі электр желісі өтеді. Тұрғындар бұған дейін желіні алып тастау туралы сан рет талап қойса да, орындалмай келеді. 1964 жылы орнатылған бағаналар да жиі өртенеді.

Жарылқасын Мырзахметов, Жоғарғы Қасқасу ауылының тұрғыны:

Мына столбаның тұрғанына бәлен жыл болды. Жүздеген оқушы өтеді. үстіне түссе қырылып қалады гой, айтамыз құлақ аспайды ешкім.

Мейіржан Дүйсебаев, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Қауіпті болғанда бұл столбалар негізінде олардың қорасына дейін салынған. Қора уже кейін салынған. Үйлері де кейін салынған. И ілгеріде дәл сол деп айтпай ақ қояйын, шарбақтарын қоршап алған. Сөйтіп легализациямен алып документтерін туралап алған былайша айтқанда.


Хабарламаларға жазылу