Елордада 200 жас баспаналы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 200 жас баспаналы болады

14.10.2021

Биыл елордада жеңілдетілген бағдарлама бойынша 200-ге жуық жас баспаналы болады. КСМ:Бұл туралы «Отбасы банкі» өкілдері мәлемдеді. «Елорда жастары» бағдарламасының биылғы бюджеті 3,6 млрд теңге. Азаматтар жаңа немесе қолданыстағы пәтерлерді ала алады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі тұрғындар қатысады. Бұл ретте басымдық жас отбасыларға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Өтінім мақұлданған жағдайда қатысушыға 18 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу