Норвегияда садақпен қаруланған адам бес тұрғынды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда садақпен қаруланған адам бес тұрғынды мерт қылды

14.10.2021

Норвегияда садақпен қаруланған ер адам бес тұрғынды мерт қылды. Қанды оқиға Кунсберг қаласында сәрсенбі күні кешкісін болды. Тағы екі адам жараланды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, шабуылшы тұтқындалды.

Соңғы мәліметке қарағанда, күдікті атысты ең алдымен супермаркетте бастап, кейін басқа жерлерге кеткен. Оның мұндай қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Оқиғадан кейін полиция басқармасы бүкіл елдегі тәртіп сақшыларына қолға отты қару алуға бұйрық берді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу