Оралда құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды

14.10.2021

Оралда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми мәліметінше, шенеунік соңғы бір жыл бойы сыбайласымен бірге бір серіктестік директорынан бұған дейін келісілген 170 млн. теңгенің 134 млн. теңгесін пара ретінде алған. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құны 2,2 млрд. теңге болатын көпқабатты екі тұрғын үйдің құжаттарына кедергісіз қол қойған және мемлекеттік сатып алу шартын жасауға көмектескен. Қазір тергеу басталды. Арман Өксікбаев пен оның сыбайласы ретінде күдікке ілінген азамат уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу