Қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталады

14.10.2021

Елімізде екпені қайталап салу қарашаның жиырмасынан кейін басталады. Қосымша дозаны вакциналаудың толық курсы біткеннен кейін 6-9 айдан соң алуға болады. Екпенің екі компонентін де алып, коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан адамдарға жазылғаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцина салдыру ұсынылады. Қайта вакциналаудан бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік және жабық мекемелердегі адамдар өтеді. Бұл тізімде күштік құрылым қызметкерлері, өздігінен зерттеуден өтіп, қауіпті індетке қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар және жасы 60-тан асқан адамдар да бар. Ревакцинация үшін екпенің бір ғана дозасы салынады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу