Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақты нығайтуға мүдделі. Қазақ еліне алғаш рет ресми сапармен келген Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмүнкин Батцэціг, Үкімет басшысы және сыртқы саясатқа жауапты өкілдермен бірқатар кездесу өткізді. Тараптар екіжақты саяси, сауда -экономикалық және мәдени -гуманитарлық салаларда байланысты тереңдетуді сондай-ақ, аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс –қимылды талқылады. Өз кезегінде министр ханым, ауыл шаруашылығы, тау-кен саласында әріптестікті кеңейтуге және Моңғолиядағы қазақ диаспорасына жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. Сапар барысында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2021-2024 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Армангүл Тоқтамұрат