Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау бүгінгі ұрпақтың басты талабы. Бүгін онлайн форматта кездескен комиссия мүшелері тарих ақтаңдақтарының бетін ашуға қатысты шараларға тоқталды. Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша сараптама жұмыстары қазір әр өңірде кеңінен жүріп жатыр. Тарихшылар озбыр саясаттың кесірінен жүз мыңдай дін өкілдері зардап шеккенін айтады. Мыңжылдық тарихы бар халықтық мейрамдар мен діни мерекелерді жаппай құртқан советтік идеологияның бұрмаланған тарихын қайта қарауға тура келеді. Ол жұмыс екі жылдан артық уақыт алуы мүмкін.
Сабыр Қасымов, Мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің басшысы:
Олардың қанша зардап шекті, қанша жолда өлді, қанша аштан өлді, қанша аурудан өлді - солардың бәрін олардың бәрін олардың ұрпақтарын табу керек. Олармен бірге туған туыстарын табу керек. Сөйтіп, әр семьяны, әр ауылды біздің мақсатымыз соны дәлелдеп, қанша кісі зардап шекті.