Депутат: Аттракциондарды жүйелі қадағалау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Аттракциондарды жүйелі қадағалау керек

13.10.2021

Қарағандыда роупджампингтен қаза тапқан әйелдің өлімінен соң, депутаттар аттаракциондарды қатаң бақылауға алу керек деп отыр. Бүгін осындай бастама көтеріп, депутаттық сауал жолдаған мәжіліс депутаттарының айтуынша, аттракциондарда қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталып жатқан жоқ. Негізі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен стандартқа сай, аттракциондардың техникалық жағдайын жергілікті әкімдіктер қадағалап отыруы тиіс. Бірақ бұл талап іс жүзінде орындалмайды. Тіпті оқыс жағдай болса, атқамінерлер ат-тонын ала қашады. Сондықтан қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық деңгейдегі аттракциондарға жүйелі бақылау енгізіп, жауапты тұлғаларды заң жүзінде бекіту керек дейді депутаттар.

Хабарламаларға жазылу