Испанияның жағалау күзеті Канар аралдарында 91 мигрантты құтқарды. Екі қайыққа мінген шетелдіктердің барлығы - африкалықтар. Олар Аргинегин портына жіберілді. Соңғы уақытта Канар аралдарына қауіпті теңіз жолы арқылы Африкадан баратын мигранттар саны былтырға қарағанда екі есе көбейген. Олар өз еліндегі кедейшілік, аштық, қарулы қақтығыстардан қажып, өзге елдерден жақсы өмір іздейді.