Елордада коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары пысықталды

12.10.2021

Ертеңнен бастап елордадағы №1-ші аурухана қалыпты жұмыс кестесіне көшіп, жоспарлы емдеуді бастайды. Шілде айында инфекциялық станционарға бейімделген нысанда 4 мыңнан аса науқас емделген. Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Десе де, қала әлі "қызыл аймақта". Күніне 280 тұрғын індет жұқтырады. Тек соңғы аптада вирустың таралуы 8 пайызға өскен. Жұқпалы індет балалар арасында да белең алып барады дейді қаланың бас санитар дәрігері. Оқу жылы басталғалы індетке 2 мыңнан аса оқушы шалдыққан. Ковид әсіресе 3-8-сынып шәкірттерінде көптеп байқалуда.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Оқу жылы басталғалы 2232 оқушы вирус жұқтырды. Бұл барлық науқастанғандардың 19,6 пайызы. 1526 бала аурудан айығып, мектепке оралды.


Хабарламаларға жазылу