Тунисте жаңа үкімет құрамына 10 әйел кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тунисте жаңа үкімет құрамына 10 әйел кірді

12.10.2021

Екі айдан астам үкіметсіз отырған Тунисте министрлер кабинеті құрылды. Ондағы 24 портфельдің 10-ы әйелдерге бұйырған. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, мұны рекорд деп есептеуге болады. Тіпті премьер-министр лауазымына да Найла Боуден есімді азаматша тағайындалды. Ол ең алдымен коррупциямен күресуді мақсат етіп отыр. Айта кетсек, президент Каис Саед шілде айында конституцияның күшін жартылай тоқтатып, парламент пен үкіметті таратып, бар билікті өз қолына алды. Мемлекет басшысының сөзінше, коронавирус дағдарысына ұшыраған елге осындай шара уақытша қажет болды. Бұл шешім қоғамның бір бөлігін айтарлықтай ашындырып, соңғы апталарда елде мыңдаған адам шеруге шықты. 


Хабарламаларға жазылу