Америкалық 3 ғалым экономика бойынша Нобель сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық 3 ғалым экономика бойынша Нобель сыйлығын иеленді

11.10.2021

Нобельдің экономика бойынша 2021 жылғы сыйлығын америкалық үш ғалым иеленді. Олар – Дэвид Кард, Джошуа Ангрист және Гидо Имбенс. Мұны бүгін Швецияның Корольдік ғылым академиясының өкілдері жариялады.

Биылғы жүлде құны – 1 миллион 140 мың доллар. Оның жартысы Канада дүниеге келген Кардқа «еңбек нарығын жаңаша түсінуге көмектескені» үшін беріледі. Ал, екінші бөлігін Ангрист пен Имбенс «себеп-салдар байланысын сараптауға қосқан методологиялық үлесі» үшін алмақ.

Айта кетсек, экономикалық жүлде Альфред Нобельдің өсиетінде көрсетілмеген. Ресми түрде ол Швед мемлекеттік банкінің Нобель атындағы сыйлығы деп аталады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу