Елордада аутист балаларға арналған жаңа орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада аутист балаларға арналған жаңа орталық ашылды

11.10.2021

Психоневрологиялық паталогиясы бар бүлдіршіндермен дефектолог, психолог, арт терапевт және басқа мамандар жұмыс істейді. Осы дертті зерттеп жүрген ұйымдардың мәліметі бойынша, әлемде әрбір 49-шы сәби аутист болып дүниеге келеді. Қазақстанда да жыл сайын мыңдаған баладан аутизм белгілері анықталады. Олармен жұмыс істейтін мамандардың тапшылығы да үлкен проблема. Жаңадан ашылған оңалту мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ақысыз қызмет көрсетеді. Ерекше балалармен жұмыс істеу кезінде ата-аналардың да рөлі зор.

Гүлжазира Өтегенқызы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Әрине ата-аналар қалыспау керек.50/50 болса құба-құп. Енді түсінемін қазір мынанадай заманда жұмыс істеу керек, ата-аналар көбіне жұмысқа беріледі. Уақыттары болмай жатады. Бірақ менің неше жылғы тәжірбием бойынша, үлкен балам 15-те, 12 жылдан бері көргенім, ата-аналар міндетті түрде көбірек араласуы керек. Сонда ғана нәтеже береді.


Хабарламаларға жазылу