Түркияда азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттады

11.10.2021

Түркияда баға өсіп, тұрғындардың қалтасына ауыр тиді. Елдің Статистика бюросының мәліметінше, былтырмен салыстырғанда азық-түлік құны 30 пайызға қымбаттаған. Тұрғындардың көбі инфляциядан келген қиындықтарға төтеп беру үшін күнделікті шығындарын азайтуға мәжбүр. Айта кетері - Түркия экономикасына коронавирус пандемиясы кері әсер етті. Бұған қоса, импортқа тәуелді елдің жағдайын ел валютасының девальвациясы қиындатып отыр. Түрік үкіметі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін алыпсатарлыққа қарсы күресті күшейте бастады. Шара аясында бағаны күрт қымбаттатты деп айыпталған 5 ірі супермаркет желісі тергеуге алынған. 


Хабарламаларға жазылу