Шығыс Қазақстанда көлік апатынан 5 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда көлік апатынан 5 адам қайтыс болды

11.10.2021

Шығыс Қазақстанның Абай ауданында көлік апатынан 5 адам қайтыс болды. Түнгі бірлер шамасында Қарауылдан Саржал ауылына қарай бара жатқан көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушы, оның ішінде бір жарым жастағы бала сол жерде мерт болды. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу