Осы аптада Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы «QazVac» вакцинасын шығаратын институтқа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы «QazVac» вакцинасын шығаратын институтқа барды

10.10.2021

Ғылымды басым бағыттардың біріне айналдыру, қомақты қаражат құю, өндіріспен байланыстыру мәселелері көңілсіз «мелодияға» айналған. Бұл кетіп қалмаған немесе кете алмайтын мықты ғалымдардың потенциалын пайдалану сияқты әңгімені де көңілсіз ететін. Ал ондай ғалымдар деңгейін ситуацияға байланысты өздері-ақ көрсетті. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты «QazVac» вакцинасын шығарды! Covid-19 вирусына «рақмет» демейміз, бірақ ғылымды қолдау үшін міндетті түрде адам өміріне қауіп төнуі керек пе еді? Әйтпесе бұл институттың ғалымдары малға егетін вакциналар шығарған, тек өндіріске енгізе алмаған...

Аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы институтқа барды. Ғалымдарға ризалығын білдірді.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу