Қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі адамдар күні. Ал мүгедектігі бар адамдар жүру мүмкін емес протездер ұсынылатынын айтып жатыр. «Сапасыз» дейді. Мәселе – әр адамның ерекшелігі ескерілмеуінде деп ойлаймыз. Протезге мұқтаж адамның бәрі бірдей протезбен жүруі мүмкін бе? Негізі, ерекшелігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсететін портал арқылы сапалы зат ұсынылуы тиіс. Шенеуніктер әйтеуір солай деген. Бірақ бұрынғы «алсаң осы, алмасаң, басқасы жоқ» деген принцип өзгермеген сияқты.
Данияр Қайыртай