Бейбітшілік аталымы бойынша Нобель сыйлығы журналистерге бұйырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбітшілік аталымы бойынша Нобель сыйлығы журналистерге бұйырды

10.10.2021

Бейбітшілік аталымы бойынша Нобель сыйлығын биыл ресейлік журналист Дмитрий Муратов пен филиппин журналисі Мария Ресса алады. Қазан айында басында Нобель сыйлығын кімдердің алатыны жарияланатыны белгілі, журналистердің есімі осы аптада аталды.

Нобель комитеті екі журналиске сыйлықты «ой еркіндігін қорғауға күш салғаны үшін» берген. Дмитрий Муратов - 1993 жылдан бері Ресейдегі жемқорлықты әшкерелеп жүрген «Новая газета" басылымында істейді, 1995 жылдан бас редакторы. Нобель комитеті бұл газетті «қазіргі Ресейдегі ең тәуелсіз газет» деп бағалаған.

Рас, «Новая газета» коррупция тақырыбын ғана қозғамайды, мемлекеттің барлық дертін, қоғам тынысын боямасыз көрсетіп, Шешенстандағы адам құқығының бұзылуы жайлы да көп жазады.Редакциясына талай мәрте қорқыту мен қоқан-лоқы жасалған. 6 журналисі қаза тапқан.

Дмитрий Муратов  Нобель сыйлығын «Новая газета» тілшісі Анна Политковскаяның қазасына 15 жыл толған тұста алды. Анна Политковская 2006 жылы кісі қолынан қаза тапқан. Ол Шешенстан билігі мен Ресейдегі жемқорлық жайлы көп жазды. Политковскаяны өлтіргендер түрмеде, бірақ тапсырыс беруші ақыры анықталмады.


Хабарламаларға жазылу