Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады

08.10.2021

Қазақстан нарықтағы жаңартылатын энергия көздерін 2023 жылға қарай екі есе арттыруға ниетті. Алдағы төрт жылда 60-тан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді. Жаңа жобаларға 2,5 млрд доллар көлемінде инвестиция жұмсалады. Премьер-министр шетелдік капитал мен озық технологияларды елге тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту бойынша бірқатар шаралардың қабылданғанын айтты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу