Елде ұлттық тауар өткізу жүйесін құру көкөніс бағасын 15%-ке төмендетуге мүмкіндік береді. Парламент мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысында Сауда және интеграция вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, көкөністерді сақтау кезінде шығын 30%-ке азаяды, ал тасымалдау құны 10%-ке төмендейді. Мәселен, маусымаралық кезеңде картоптың бір келесі 200-ден 350 теңгеге дейін қымбаттайды. Егер көтерме-тарату орталықтары іске қосылса, бағаны 150-200 теңгеге төмендете аламыз, дейді жауаптылар.
Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
40 пайыздан астам біздің халық ауылда тұрады. Солардың еңбегінің қайтарымы болу керек. Бұл жерде кеден де бар, теміржол да бар. Алыс шетелдерге де жіберуге болады. Ауыл еңбеккерлеріне тән проблеманы шешудің осы бір тиімді жолы деп санаймыз.
Ақерке Бектас